Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Толығырақ...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Толығырақ...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Даламыздың үнісің сен, домбыра!» атты көрменің ашылу салтанаты

4 шілде күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлттық домбыра күніне орай «Даламыздың үнісің сен, домбыра!» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.

Көрмеге Момын Байғанин, Айса Шәріпов, Бәкір Тәжібаев сынды еліміздің танымал өнер және қоғам қайраткерлеріне тиесілі, тарихи-мәдени құндылығы жоғары домбыралар коллекциясы қойылды. Әр домбыраның өзіне тән тарихы, иесінің өнер жолындағы орны мен елге сіңірген еңбегі туралы тың мәліметтер ұсынылды.

Ашылу рәсіміне танымал домбырашы Талап Хамзин мен белгілі жыршы Әділбек Сарин «Ер Едіге» жыр мектебінің шәкірттерімен бірге қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

Көрме 4 шілдеде басталып, 15 шілдеге дейін жалғасады.