Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Толығырақ...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Толығырақ...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Түркі халықтарының рухани мұрасы әлемдік өркениет аясында: «Қобыланды батыр» жыры» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы

2026 жылдың 1–2 қазан күндері Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Қ. Жұбанов атындағы өңірлік университеті және Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің бірлесуімен «Түркі халықтарының рухани мұрасы әлемдік өркениет аясында: «Қобыланды батыр» жыры» тақырыбында Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізілді.

Қазақтың батырлық эпосында айрықша орын алатын «Қобыланды батыр» жыры – ұлттық мәдениеттің аясынан асып, жалпы түркілік эпикалық дәстүрмен сабақтасып жатқан іргелі мұра. Жырдың ғасырлар бойы халық жадында сақталып, бірнеше нұсқада жетуі оның көркемдік қуатымен қатар, тарихи-мәдени өміршеңдігін де танытты.

Конференцияның мақсаты – «Қобыланды батыр» жырын ЮНЕСКО көлемінде материалдық емес мәдени мұра тізіліміне енгізу мүмкіндіктерін және фольклорлық мұраны сақтау, қазіргі мәдени кеңістікте жаңғырту мәселелерін талқылау болды. Сонымен қатар жырдың тарихи-мәдени, әдеби және рухани маңызын зерделеуге, оның түркі халықтарының ортақ эпикалық мұрасындағы орнын айқындауға бағытталды.

Халықаралық ғылыми-теориялық конференция жұмысына отандық және шетелдік, атап айтқанда Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясының эпостанушы, фольклортанушы, тілтанушы және әдебиеттанушы жетекші ғалымдары қатысты.