Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2023 жылдың 4 тамыз күні «Бұйымдар сыры» атты тұрмыстық-этнографиялық көрменің ашылу салтанаты өтті.
Музей қорындағы коллекциялар шеруі аясында жасақталған «Бұйымдар сыры» атты тұрмыстық-этнографиялық көрме ұйымдастырылды. Көрме мақсаты — көпшілікке музей қорындағы бұйымдарды таныстыру.
Көрмеге қамыстан тоқылған жеміс-жидек теруге арналған шелек, шиден тоқылған ыдыс-аяқтар, май шайқағыш құрылғы, ағаш астау, үстел және орындықтар, ет және бас тартуға арналған табақтар, асқабақтан жасалған ожау мен қымызға арналған ағаш ыдыстар қойылды.
Көрме тамыз айының соңына дейін жалғасады. Келіп, тамашалауға шақырамыз!