Арынғазы хан Әбілғазыұлы (1785-1833 жж.). Кіші жүзде хандық билікті қалпына келтіру жолында күрескен тарихи тұлға. Шекті, шөмекей, жаппас руларының 1816-1821 жылдардағы ханы болған.
Қымыз құюға арналған ағаш ожауды ұрпақтарының айтуынша Арынғазы ханның өзі тұтынған. Музей қорына 1947 жылы тапсырылған. Өлшемі: ұзындығы 25 см., ожау d-10 см.