Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Дінмұхамед Қонаевтың ескерткіші

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің 1960-1962 және 1964-1986 жылдардағы бірінші хатшысы, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың (1912-1993 жж.) ескерткіші. Ескерткіштің авторы Хакімжан Наурызбаев. Музей қорына 1995 жылы Халықтық Д.Қонаев қоры Ақтөбе облыстық бөлімшесінің төрағасы Қ.Досов тапсырды. Өлшемі: 20 х 40 см.