Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Балбалтас

Мүсін Ақтөбе облысының Ойыл ауданынан, Барқын құмынан табылған. Сақталған бөлігінің биіктігі 98 см, ең көп ені 42 см. Ашық сары құмтастан жасалған. Кескін пішіні көлемді келген. Рельеф алдыңғы жағынан да, бүйірінен де жақсы бейнеленген, тек артқы жағынан байқалмайды. Бет-бейнесі алға шығыңқы, мұрын пішімі рельефті етіп, анық жасалған. Мұрынның жоғарғы бөлігіндегі қабақ сызығы терең қашалған. Ауыз бөлігі түзу қысқа сызықпен түсірілген. Көздері таяз шұңқыр түрінде кескінделген. Бастың үстіңгі жағы сынған. Мойын мен құлақтың белгілері байқалмайды. Басы көлбеу иықтарға түсіңкі. Кеуде тұстары жақсы бейнеленіп, қолдары кіндік тұсына біріктіріліп көрсетілген. Мүсін эрозияға ұшырағандықтан, қолында не болғанын анықтау мүмкін емес.