Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Жүндес мүйізтұмсықтың бас сүйегі

Мамонттың ежелгі серігінің бірі қос мүйізді керік тұмсықтылар. Бұл қалың жүнді үлкен хайуан. Екі мүйізді бірінен кейін екіншісі қатарласып өскен, алдыңғы мүйізі 1 м шамасында, өте күшті өсіп жетілген. Негізінен жыртқыштардан қорғану үшін және шабуыл үшін пайдаланған. Денесі зор болған, ұзындығы 3 м. Биіктігі 170 см жеткен. Төртбұрышты қырлы еріні жайылымға ыңғайлы, онымен қарды аршып тамақ тапқан. Зерттеудің арқасында тіс араларынан шөптің қалдықтары табылған. Негізінен шырша, тал қалдықтарымен, ал жаз күндері жайылымда әртүрлі шөптермен қоректенген.

1970 жылы Елек өзені жағасынан Шаруа өзені маңынан табылған.