Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Тасқа айналған ағаш

Тарихтағы өткен геологиялық дәуірлерде жер бетінде өскен өсімдіктердің кремнезем (халцедон, кварц немесе аморфты жылтыр тас) әсерімен өзгеріске ұшыраған қалдықтары. Бірақ ағаштың сақиналары және алғашқы тұрпаты жақсы сақталады. Тасқа айналған ағаштың құрамы - қоспалы кремнезём (SiO2). Су немесе балшықтағы түрлі химиялық элементтер петрификация кезінде әр ағаш түсінің алуан түрлі болуына әсер етеді. Ақтөбе облысы аумағында 1967 жылы Алға ауданы, Богословка ауылы маңынан АПУ қызметкерлері - Подъячев Г.П, Федченко В.К, Сосин Я.Ф. тауып алған. Тасқа айналған ағаш ертебор дәуіріне жатады, жас ұзақтығы 100 млн.жылдан астам.Өлшемі: биіктігі - 100 см, ені - 50 см.