Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Алғашқы өгіздің бассүйегі мен мүйіздері

Антропоген кезеңінің екінші жартысынан бастап Шығыс жартышарының орманды және дала алқаптарында өмір сүрген қазіргі ірі қара малдың арғы тегі. Алғашқы өгіздің дене бітімі өте сымбатты, шоқтығының биіктігі 170-180 см, салмағы 800 кг дейін. Бассүйегі ұзын және үшкір мүйіздерімен жалғасқан, ересек жануардың терісі қошқыл қара түсті болған. Шөп, ағаштардың бұтағы мен жапырақтарымен қоректенген. Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Абай ауылынан табылған.