Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

Prev Next

Әкелер күніне орай ерекше акция!

11-06-2025

Толығырақ...

Облыстық музейде мектеп оқушыларына барл…

05-06-2025

Толығырақ...

Музей түні-2025

13-05-2025

Толығырақ...

"Көне мешіт шежіресі және Нұрым Рах…

16-04-2025

Толығырақ...

"Парктер шеруі- 2025" табиғатт…

16-04-2025

Толығырақ...

"Үздік экскурсовод - 2025" обл…

24-01-2025

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

Өсімдіктер әлеміне арналған көрме

Музейде «Өсімдіктер әлемі» атты көрме өтуде. Оған музей қорынан жасақталған 100-ден аса гербарийдің түрлері қойылды. Олардың қатарында 1923-1925, 1928-1929 жылдардағы гербарийлер бар.

Мақтанышпен айта кетуге болады республикалық музейлердің арасында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында ең көп гербарийлер жақсы жинақталып сақталған.

Шарада Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті экология кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты Ақылжан Телеуов, аталған университеттің биология кафедрасының оқытушысы, PhD докторант Бауыржан Туралин музей қорындағы гербарийлер коллекциясын көзінің қарашығындай сақтап келе жатқан музей қызметкерлерінің еңбегін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар көрмеге Ақтөбе Мемлекеттік медицина университеті фармакология кафедрасының фармаколог-ғалым, профессор Райса Кузденбаеваның мия тамырларынан өлкеміздің дәрілік өсімдіктерінен жасалған майларының бірнеше түрі қойылған. Қазіргі таңда әр отбасында кеңінен қолданылып жүрген мия тамырларынан жасалған қызыл май да бар.

Қ.Жұбанов университетнің биология кафедрасының оқытушысы Б.Туралин, 2019 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл, Қобда ауданы, Ақшатау, Ақырап елді мекендерінен жиналған «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктердің гербарийлерін музейге әкеліп тапсырды.

Шара барысында музей директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары Медет Құлмұханов университет қонақтарына ризашылығын білдіріп, музей директорының атынан Алғыс хаттар мен өлке тарихынан сыр шертетін кітаптар табыстады.