Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Толығырақ...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Толығырақ...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«МЫҢ АЛҒЫС»

Осындай тақырыпта 1 наурыз — Алғыс айту күніне арналған танымдық кездесу өтті. Оған университет және колледж студенттері қатысты.

Шарада қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирының орынбасары, полиция капитаны Рустам Өтегенов, ерлігімен ерекшеленген, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған, аталған патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Қуандық Сабыржан, «Оксана» украиндердің ұлттық-мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Алла Шапкина адамдарды бір-біріне мейірбандық танытып, жақындата түсетін бұл айтулы мерекенің егеменді еліміз үшін маңызы зор екенін айтып, шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Кездесу соңында музей директорының орынбасары Медет Құлмұханов қонақтар мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті және Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжіне музей басшысы атынан Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.