Музейде 23 сәуір дүниежүзілік кітап және авторлық құқық куніне орай «Құнды кітап - музейде» тақырыбында музей ғылыми кітапхана қорындағы кітаптар негізінде көрме өтуде. Көрмеде атап айтсақ ағайынды Ғазез және Мақаш Ақытұлдарының «Құран Кәрім» кітабының қазақша аудармасы және ғалым, дін танушы Халифа Алтайдың «Құран Кәрімнің қазақша мағынасы және түсінегі» деген атаумен аударма тәпсірі, Телжан Шонанұлының қазақ тіл білімі саласы бойынша шығармалары қойылды. 1980-2003жылдары музей директоры қызметін атқарған, қоғам қайтаркері,тарихшы, өлкетанушы Рысжан Илясованың еңбектері және Ақтөбе өңірінде өмір сүрген ақындарымыздың бірі Тәңірберді Молдабай туралы көлемді туындысы, сонымен бірге 18ғасырда жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күрес,сол кезеңдегі мемлекеттік сананың қалыптасуы туралы баяндалған Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы көрме сөресінен орын алды.
Және көрмеден есімі аңызға айналған тарихи ұлы тұлғаларымыздың өміріне байланысты туындыларды да көруімізге болады.
Кітап көрмесін музей келушілері және қонақтары 21 сәуірден - 28сәуір аралығында тамашалай алады.