Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

Prev Next

Әкелер күніне орай ерекше акция!

11-06-2025

Толығырақ...

Облыстық музейде мектеп оқушыларына барл…

05-06-2025

Толығырақ...

Музей түні-2025

13-05-2025

Толығырақ...

"Көне мешіт шежіресі және Нұрым Рах…

16-04-2025

Толығырақ...

"Парктер шеруі- 2025" табиғатт…

16-04-2025

Толығырақ...

"Үздік экскурсовод - 2025" обл…

24-01-2025

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Көктем көркі — қызғалдақ»

5 мамыр күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Көктем көркі — қызғалдақ» атты тарихи-танымдық шара өтті. Шара мақсаты — жойылудың аз-ақ алдында тұрған, сирек кездесетін қызғалдақтарды қорғау.

Ақтөбе — шренк қызғалдағының отаны. Шренк қызғалдағы қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Ерекше әсем көркімен дараланатын қызғалдақтың Отаны Қазақстан болып саналады. Бүгінде жер жүзінде 3 мыңнан астам түрі бар. Зерттеуші ғалымдар біздің топырақта өсіп-өнген қызғалдақтың тұқымы Ұлы Жібек жолы арқылы Түркияға кейін Тайландқа жеткенін анықтады. Отанынан басқа жерлерде тамырланған қызғалдақ тұқымының алыс шетелдердегі жаңа түрлері өсіп-өнді.

Сонымен қатар шара аясында музей қорында жинақталған қызғалдақтар мен өсімдік тектес этнографиялық заттардан жасақталған көрме ұйымдастырылды.

Шараға Шығармашылық академиясының көркемдік бейнелеу үйірмесінің жетекшісілері мен тәрбиеленушілері, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жаратылыстану факультетінің студенттері мен оқытушылары қатысты.