Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

Prev Next

«Ғылым биігіндегі тұлғалар»

24-12-2024

Толығырақ...

«Алты Алаштың ардағы» атты тарихи- таным…

18-12-2024

Толығырақ...

«Қобыланды батыр жыры және ұлттық қаһарм…

05-12-2024

Толығырақ...

«Алтын киімді Тасқопа көсемі» атты жылжы…

18-11-2024

Толығырақ...

«Талғам мен таным иесі» атты салтанатты …

12-11-2024

Толығырақ...

«ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТЕРІ ӨҢДЕУ КӘСІБІ: ТА…

05-11-2024

І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

ҚОСТАНАЙ КӨРМЕСІ КЕЛДІ

Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі, Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейі мен Амангелді ауданындағы А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық музейі және Торғай ауданындағы Жангелдин музейлер кешені қорынан жасақталған «Халық батыры» атты жылжымалы көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Шара барысында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова көрменің маңыздылығына тоқталып, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Батырхан Жұмабайға Алғыс хат табыстады.

Өз кезегінде Батырхан Жұмабай батырдың ерлік жолына тоқталып, Алтынай Юнисоваға Қостанай облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хатын табыс етті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рымбала Омарбекова, музей ардагері Орал Өтепова көрме жұмысына сәттілік тіледі.

Көрмеге тыл жұмыстарына шақыру туралы Патша Жарлығының жариялануына байланысты архив құжаттарының көшірмелері мен фотосуреттер, А.Имановтың домбырасы мен туыстарының жеке заттары, сарбаздардың қару-жарақтары, Кейкі батырдың кебежесі, мүсіні, кесенесінің макеті, Қазақстанның халық суретшілері Әбілхан Қастеевтің, Нағымбек Нұрмұхамедовтің, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген суретшісі Баки Урманченің туындылары, белгілі портрет суретшісі Анна Мартованың графикалық туындылары, қазақтың тұңғыш мүсіншісі Хакімжан Наурызбаевтың А.Имановтың мүсіндік портреті, сондай-ақ украин мүсіншісі Ефим Белостоцкийдің мүсіндері, батыр ұрпағы, суретші Зарина Ниязованың туындылары қойылды.

Шараға зиялы қауым өкілдері, өлкетанушылар, ғалымдар, студенттер мен оқушылар қатысты.

Көрме маусым айының 12-не дейін жалғасады.