Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Афиша

Prev Next

"Өмір жырын жырлайды ақын жүрек…

04-03-2024

Толығырақ...

Аймаханова Гүлсамал Төрединқызымен кезде…

12-02-2024

Толығырақ...

Руханият - ұлттық рухани және дәстүрлә қ…

05-02-2024

Толығырақ...

«Желтоқсанда жалындаған жүректер»

13-12-2023

Толығырақ...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

22-11-2023

Толығырақ...

"Баласы мен Батақтың атым Сара…

13-11-2023

Толығырақ...

Түнгі ашық есік күні

19-10-2023

Толығырақ...

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

МУЗЕЙ МЕРЕКЕСІ

⚜️ 18 мамыр — Халықаралық Музейлер күніне арналған «Музей түні-2023» атты мерекелік шара өтті.

⚜️ Дәстүрлі шараны тамашалаушыларға қазақы нақыштағы заманауи киім үлгілерінің сән көрсетілімі, облыстық шеберлер қауымдастығының «Sheber ART Aktobe» атты көрмесі мен шеберлік сағаттары, «Жәдігер жерде қалмасын!» және «Жан шуағы» мүмкіндігі шектеулі жандардың көрмелері көрсетілдіи.

⚜️ Сонымен қатар музей залдарында балаларға арналған «Ертегілер елінде» фотозонасы, ғұн тайпаларының тұрмыс-тіршілігі, «Алаш туы астында...» тарихи қойылымынан, қыш шеберханасының көріністері, корей этномәдени орталығының концерттік бағдарламасы, қазақтың тұңғыш балеринасы Нұрсұлу Тапалованың көлеңкедегі биі мен Ауған соғысының көрінісі ұсынылды.

⚜️ Белгілі өнер иелері Әділбек Сариннің жыр мектебі шәкірттерінің жырлары мен Жайлау Асылхановтың  күмбірлеген күйлері өнер сүйер қауымды бір серпілтіп тастады.

⚜️ Әбубәкір Кердерінің шығармалары орындалып, қазақ батырлары киімінің көрмесі және қолөнер шебері Бұлбұл Кәпқызының шеберлік сағаты және неке қию мен нәрестеге азан шақырып, ат қою рәсімдері де көрсетілді.

⚜️ Сондай-ақ, садақ тартудан сынға түскендер шеберліктерін байқасып, «АК-74» автоматын шашып, жинау сайысы мен шеберлік сағаты да көптің қызығушылығын тудырды.

⚜️ Көтеріңкі көңіл күй сыйлаған мерекелік кештен қонақтар ерекше әсермен тарқасты.