Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Толығырақ...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Толығырақ...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

ӨНЕГЕЛІ ӨМІР ЖОЛЫ ДӘРІПТЕЛДІ

22 қыркүйек күні ҚР Бас Прокуратурасында Қазақ КСР прокуроры, ҚР еңбек сіңірген заңгері Өтеген Сейітовтің 100 жылдығына арналған «Құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Аталған шара аясында «Өтеген Сейітов: абыройлы қызмет және өнегелі өмір» атты музей қорындағы экспонаттардан жасақталған жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Құқық қорғау органдарының академиясында Ө.Сейітов атындағы Мәжіліс залының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

ҚР Бас прокурорының тапсырмасымен 2023 жыл прокуратура органдарында «Ө.Сейітов жылы» болып жарияланды. Осыған орай мемлекет және қоғам қайраткерінің өнегелі өмір жолы мен қызметін дәріптеу мақсатында өткен көрме экспозициясына ҚР Прокуратурасының қалыптасуы мен даму тарихынан және оның өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін суреттердің көшірмелері, қызметтік киімдері, куәліктері, марапаттары, жеке тұтынған заттары мен бюстысы қойылды.