Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

«Музей түні-2026»

13-05-2026

Толығырақ...

«Ботай – ұлы Дала мәдениеті»

23-02-2026

Толығырақ...

Ұлы жібек жолы бойындағы Отырар: ғылым м…

23-09-2025

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Желтоқсанда жалындаған жүректер»

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде 13 желтоқсан күні облысымыздың «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің мүшелерінің қатысуымен тарихи-танымдық кездесу өтті.

Шара барысында Ақтөбе облысы әкімдігінің  қолдауымен жарық көріп отырған «Желтоқсан жаңғырығы» кітабының тұсаукесері және «Желтоқсанда жалындаған жүректер» тақырыбында «Желтоқсан» оқиғасына қатысушылардың фото және құжаттай деректерінен жасақталған көрменің ашылу салтанаты өтті.

Шараның мақсаты — Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат бере отырып, еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өскелең ұрпақты өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл-әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып,  желтоқсандықтарға құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін білуге тәрбиелеу.

Шараға Ақтөбе қаласының зиялы қауым өкілдері, «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері және студенттер мен мәдениет мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

Көрме 2024 жылдың қаңтар айының 10-на дейін жалғасады.