Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

Prev Next

"Көне мешіт шежіресі және Нұрым Рах…

16-04-2025

Толығырақ...

"Парктер шеруі- 2025" табиғатт…

16-04-2025

Толығырақ...

"Үздік экскурсовод - 2025" обл…

24-01-2025

Толығырақ...

«Ғылым биігіндегі тұлғалар»

24-12-2024

Толығырақ...

«Алты Алаштың ардағы» атты тарихи- таным…

18-12-2024

Толығырақ...

«Қобыланды батыр жыры және ұлттық қаһарм…

05-12-2024

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Көрнекті геолог, белгілі мұнай-барлаушы ғалым»

Геология–минералогия ғылымының докторы,  профессор, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы Иван Борисович Дальян (1924-2010жж) 1953–1987 ж. Ақтөбе мұнай бақылау тресінде геолог, Кеңқияқ, Жарқамыс мұнай бақылау экспедициясының бас геологы, геология бөлімінің бастығы, Бозой, Қызылой, Құмсай, Кеңқияқ, Қаратөбе, Көкжиде, Ақжар, Көбен мұнай орындарының ашылуына тікелей ат салысқан. 1999 жылдан «Жаңажол» АҚ мұнай бақылау экспедициясының вице-президенті болып қызмет атқарды. «Глубинное строение и нефтегазоносность палеозойских отложений восточной части Прикаспийской впадины, ее обрамления» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 200-ге жуық ғылыми еңбегі, 4 монографиясы жарық көрген.

Оның бүкіл өмірі өлкеміздегі мұнай кен орындарын барлау мен ашумен байланысты болды.

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде И.Б.Дальянның 100 жылдығына арналған «Көрнекті геолог, белгілі мұнай-барлаушы ғалым» атты  музей қорында  жинақталып, сақталған геологтың өмірі мен қызметіне, жеке тұтынған затарынан  көрме ұйымдастырылды. Музейдің табиғат залында «Мұнай және газ» бөлімінде И.Б.Дальянға арналған экспозиция жасақталған.

Көрменің мақсаты: Өлкеміздің мұнай саласына жылдар бойы қызмет етіп, оның  дамуына үлес қосқан белгілі тұлғаларды насихаттау.

Көрме уақыты: 26 маусым-26 шілде.