Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

«Музей түні-2026»

13-05-2026

Толығырақ...

«Ботай – ұлы Дала мәдениеті»

23-02-2026

Толығырақ...

Ұлы жібек жолы бойындағы Отырар: ғылым м…

23-09-2025

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«ЖҮЗ ЖЫЛ ЖЫЛНАМАСЫ»

Облыстық «Ақтөбе» қоғамдық-саяси газетінің шығарыла бастағанына (1924 ж.) 100 жыл толуына орай музейде «Жүз жыл жылнамасы» тақырыбында жасақталған экспозицияның ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына облыстық ішкі саясат пен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармаларының басшылары, «Ақтөбе-Медиа» ЖШС қызметкерлері, журналистер, ардагерлер, зиялылар, жоғары оқу орындары басшылары, музей қызметкерлері қатысты. Экспозицияда әр жылдардағы шығарылған газет сандары, иеленген мемлекеттік марапаттары, Алғыс хаттары, редакторлары мен түрлі тақырыптарда қалам тербеген тілшілері, редакцияда қызмет жасаған көрнекті ақын-жазушылардың тарихи суреттері, кітаптар, тілшілердің жеке тұтынған заттары қойылған.