Бейнелеу өнері адамзат шығармашылығының ең көне әрі ең тамаша көріністерінің бірі. Адамзат дамуының алғашқы қадамдарынан бастап адамдар өз ойларын, сезімдерін және қоршаған әлемді үңгір қабырғалары мен тастардың бетіне бейнелеп қалдыруға ұмтылды.
Бейнелеу өнері ұзақ даму жолынан өтті. Әрбір дәуір өнер тарихында өз ізін қалдырып, оны жаңа идеялармен, формалармен және техникалармен байытты. Бүгінде бейнелеу өнері заман рухы мен қазіргі қоғамның қажеттіліктерін бейнелейтін жаңа көрініс тәсілдерін іздеп, дамуын жалғастыруда.
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің бай, сан алуан, құнды картиналар коллекциясы Қазақстанның көркем мәдениеті туралы жарқын түсінік береді. Уақыт өте келе суретшілердің кәсіби дамуына сәйкес салынған картиналар жинақталған, соның ішінде ерте кезеңдегі суреттер, графикалық туындылар мен гравюралар бар. Бір қарағанда, бір-бірімен үйлеспейтін стильдерді, жанрларды және суретшілерді танытатын картиналар да кездеседі. Жекелеген картиналарды таңдап, оларды көрермендердің белгілі бір жанрды, суретшінің шығармашылығын немесе жалпы кескіндеме өнерін тереңірек түсінуіне ықпал ететіндей етіп орналастыруға болады. Картиналар топтамасында әр нәрсенің өз орны бар. Мұнда кездейсоқ немесе ретсіз ештеңе жоқ, барлық картиналар бір-бірімен байланысты. Әр картина нақтылы түрін өз мақсатына сай құбылта отырып, негізгі тақырыптың өзегін ашуға ұмтылған. Сондықтан көркем картиналар топтамасының құндылығы оның жекелеген бөліктерінің құндылығынан әлдеқайда жоғары.
Картиналар топтамасы жалпы өнер әлеміне үлкен үлес қоса алады. Жақсы зерттелген және жүйеленген картиналар топтамасы суретші, жанр немесе кескіндеме кезеңі туралы кез келген тарих кітабынан көбірек мәлімет бере алады.
Коллекция суретшілердің туындыларымен толықтырылып отырады және меценаттықтың бір түрі болып табылады, кескіндемедегі белгілі бір бағыттардың дамуына ықпал етеді.
