Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 «Ағайынды Жұбановтар – ұлт мақтанышы»

11 маусым күні экскурсиялық-бұқаралық жұмыс бөлімінің нұсқаушысы Зейнеп Айжарыққызының ұйымдастыруымен Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің студенттеріне арналған «Ағайынды Жұбановтар – ұлт мақтанышы» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.
Дәрістің мақсаты – қазақ халқының көрнекті тұлғалары, ғылым мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосқан ағайынды Жұбановтардың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, жастардың тарихи тұлғаларға деген қызығушылығын арттыру болды.
Дәріс барысында қатысушыларға қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі, көрнекті ғалым, профессор Құдайберген Жұбановтың ғылыми қызметі, ағартушылық еңбектері және ұлттық ғылымның қалыптасуына қосқан үлесі туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар қазақ музыка өнерінің ірі қайраткері, композитор, дирижер, академик Ахмет Жұбановтың шығармашылық жолы, қазақ халық музыкасын зерттеу мен дамытудағы еңбегі кеңінен таныстырылды.