25 ақпан Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ботай – ұлы Дала мәдениеті» атты жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтеді.
Экспозицияда энеолит дәуіріндегі түпнұсқа археологиялық олжалар, қайта қалпына келтірілген заттар, дәстүрлі тұрғын үй элементтері, сондай-ақ Ботай мәдениетінің ерекшеліктерін және жылқыны қолға үйрету процесін ашатын ғылыми-ақпараттық материалдар ұсынылады.
Көрме 25-ші ақпаннан 15-ші наурыз аралығында жұмыс жасайды.







