Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

«Алты Алаштың ардағы» атты тарихи- таным…

18-12-2024

Толығырақ...

«Қобыланды батыр жыры және ұлттық қаһарм…

05-12-2024

Толығырақ...

«Алтын киімді Тасқопа көсемі» атты жылжы…

18-11-2024

Толығырақ...

«Талғам мен таным иесі» атты салтанатты …

12-11-2024

Толығырақ...

«ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТЕРІ ӨҢДЕУ КӘСІБІ: ТА…

05-11-2024

І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ» КӨШПЕЛІ КӨРМЕ ЖОБАСЫ

 2018 жылғы 14 қазан күні, 12-00 сағатта Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Көрменің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұд Қасымбеков және Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Көрменің ашылуы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы М.Б. Қасымбековтің Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлық құрамы және студент жастарымен кездесуі болды.

Қор көрмесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының көшпелі көрме жобасының басты оқиғасы болып табылады. Жоба аясында ауқымды ғылыми-білім беру және мәдени-ағарту шаралары, Ақтөбе облысы бойынша көшпелі экскурсиялар ұйымдастырылады. Елбасы кітапханасының қызметі тәжірибесінде «Жәдігерлер сөйлейді» топтамасынан көшпелі дәрістер, музей сабақтары, көшпелі экскурсиялар сынды мәдени-ағартушылық қызметтің ерекше түрлері белсенді қолданылып келеді. Олар жәдігерлердің мазмұнын баяндап қана қоймай, сондай-ақ тарихи артефактілердің тікелей көруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы 2017 жылғы қарашада Алматыдан бастау алып, 2018 жылғы ақпан айында Түркістан облысында жалғасса, ал қыркүйек айында Атырау облысында табысты өтті. Жалпы 2017-2018 жылдары көрмені 350 мыңнан астам адам тамашалады.

Жоба Елбасы кітапханасының жинақтарынан ұсынылған қор көрмесіне негізделген. Жинақталған, жүйеленген архивтік, кітап, жәдігерлік кешендер Тәуелсіздігіміздің тарихын, Қазақстанда Президенттік институттың қалыптасуы мен даму бойынша бірегей зерттеу, талдау, мәдени-ағартушылық, білім беру, ақпараттық алаңды жасақтайды.

2019 жылғы қаңтар айына дейін өтетін көрме сарапшылар қауымдастығының, ғалымдардың, мәдениет және білім саласы мамандарын біріктіретін ерекше форумға айналатын болады. Жоба Ақтөбе облысының қалың жұртшылығына арналған.

17 қараша күні 11.00 сағатта Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде облыстағы музейлік мекемелер қызметкерлері үшін «Музей саласындағы ақпараттандыру: «Музей» АЖ үшін есеп пен сақтаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша тәжірибе алмасу атты ғылыми-тәжірибелік семинар өтеді.

Көрменің барлық күндерінде Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары шолу және тақырыптық экскурсияларды, қор көрмесін тамашалап қана қоймай, сондай-ақ Елбасы кітапханасы қызметінің бағыттарымен танысу мүмкіндігіне ие болады.

«Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесі туралы. Көрменің негізгі мақсаты – кітапхана жинақтары негізінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тәуелсіз Қазақстанның тағдырындағы рөлін жүйелі түрде кеңінен көрсету.

Көрермендер назарына Елбасы кітапханасының архив, кітапхана, музей қорларының материалдары ұсынылатын болады. Алғаш рет Ақтөбе жұртшылығына Н.Ә.Назарбаевтың жоғары мемлекеттік наградаларының бірегей жинағы, мемлекет басшылары және қазақстандық авторлар тарту еткен қолтаңбасы бар кітаптар, сонымен қатар Н.Ә.Назарбаевтың шет тілдерге аударылған еңбектері ұсынылады.

Көрме төрт бөлімнен тұрады:

1. Елбасы жолы.

2. Елбасы феномені.

3. Әлем таныған Елбасы.

4. Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі.

«Елбасы жолы» тарауы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмір кезеңдерін баяндайды. Елбасының жолы рухани сананың дәуірі мен шығуы мазмұнын білдіретін тарихи үдерістер мен оқиғаларды сипаттау арқылы көрсетіледі. Қазақстан Президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы еліміздің тәуелсіздігінің негізгі бағыттарын айқындаған басты тарихи таңдауы болды.

«Елбасы феномені» атаруы Қазақстан Республикасының негізін қалаған, жаһандық кеңістікте тұрақтылық пен қауіпсіздіктің жаңа идеяларын енгізген Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік құрылым тұжырымдамасының қалыптасуы мен дамуы тарихына жетелейді. Көшбасшы феномені Семей ядролық полигонының жабылуынан бастап, мемлекет астанасын ауыстыру идеясын жүзеге асыруға дейінгі тарихи маңызы бар шешімдер мен бастамалар арқылы көрініс тапқан.

«Әлем таныған Елбасы» тарауында Қазақстан Республикасының серпінді сыртқы саясаты көрсетіледі. Бұл – әлемдік деңгейдегі саясаткер, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биік беделі мен асқақ абыройының жемісі.

Еліміздің көпвекторлы сыртқы саясаты дипломатиялық тарту-таралғылар, жеке жазбалар, архивтік материалдар арқылы көрсетілген. Әрбір сый-сияпаттан кез келген қауіп-қатер мен түсінбеушіліктен азат бейбіт әлемді қалыптастырудағы Н. Ә. Назарбаевтың ерен еңбегін таныған шетелдік мемлекет және үкімет басшыларының жеке құрметі айқын көрінеді.

«Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тарауында Мемлекет басшысының және Қазақстан халқының жаһандық үдерістердің тұрақтылығы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін табыс етілген Елбасының жоғары мемлекеттік марапаттары ұсынылған.

 Көрме экспозициясының негізінде шолу экскурсияларынан басқа «Тарихи таңдау», «Атамекен», «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыптық экскурсиялары жүргізіледі. Экскурсиялар түрлі санаттағы – балабақша тәрбиеленушілері, оқушылар мен студенттер секілді келушілерге арналады.

 «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде

2019 жылғы қаңтар айының соңына дейін жалғасады