Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

Prev Next

«Алтын киімді Тасқопа көсемі» атты жылжы…

18-11-2024

Толығырақ...

«Талғам мен таным иесі» атты салтанатты …

12-11-2024

Толығырақ...

«ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТЕРІ ӨҢДЕУ КӘСІБІ: ТА…

05-11-2024

І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Толығырақ...

«Дүние дидарындағы Димаш» көрмесі

22-10-2024

Толығырақ...

«Саз сазгері - Қазанғап»

08-10-2024

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

КӨШПЕЛІ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ ӨТЕДІ

29-09-2024

Толығырақ...

Невада-Семей полигоны жабылуының 35 жылд…

26-08-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы.

2018 жылдың 14 қараша күні, 12-00 –де Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа ғимарат Батыс – 2 ауданы, Ораз Тәтеұлы көшесі, 3, мекен-жайында орналасқан.

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі - халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырған облысымыздағы ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту, насихаттау жөніндегі ірі мәдени ошақтың бірі. 1929 жылы жергілікті өлкетанушылардың бастамасымен шаңырақ көтерді.

 

Бүгінге дейін жинақталған музей қоры оның ең басты көрсеткіші мен мақтанышы. 112 мыңдай экспонат есепке алынған. Олар – минералогия, палеонтология, ботаника, археология, тұрмыс пен этнография, қол өнері мен зергерлік бұйымдар, нумизматика, сирек кітаптар, деректі құжаттар, фотоматериалдар коллекциялары. Зергерлік өнердің өлкемізге ғана тән қайталанбас өзіндік ерекшеліктері бар.

Музейдің жаңа ғимараты маңайындағы абаттандырылған аумағымен Батыс – 2 ауданында орналасқан.

Музейдің жалпы аумағы - 4275,95 ш.м. құрайды.

Жоғарғы жарты қабатты (антресоль) музей қабаттары – 3\5

Көрме залдарының аумағы - 1902,2 ш.м. құрайды.

 

Музейде 10 зал қарастырылған: Табиғат залы, Археология залы, Алтын залы, Қазақ хандығы залы, Этнография залы, Тәуелсіздік жолымен залы, 1869-1940 жылдардағы өлке тарихы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Ақтөбе, Кеңестік кезеңдегі Ақтөбе облысы залдары және Көрме залы.

Сондай-ақ қосымша білім алуға, қалпына келтіру шеберханасы, оқу залы бар ғылыми кітапхана, кәсіби қор сақтауға, көркемөнер шеберханасына орындар бар.

 

Музейдің 5 залы ашылады: «Қазақ хандығы», «Археология», «Алтын», «Табиғат», Көрме залдары. Музейдің 3 залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының» «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесі орналасқан.

Байланыстар:

Мекен-жайымыз: Батыс - 2 ауданы, Ораз Тәтеұлы көшесі 3.