Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Толығырақ...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Толығырақ...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

ТАСҚОПА І ҚОРҒАНЫНАН ТАБЫЛҒАН БІРЕГЕЙ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ РЕКОНСТРУКЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

17 наурыз күні облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасы аясында Taсқопа I обасынан табылған материалдардың реконструкциясының тұсаукесері өтті.

Шараға облыс әкімі О.Оразалин, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Б.Байтанаев, белгілі археологтар, тарихшылар, қоғамдық ұйымдар мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Бірегей археологиялық материалдар 2019 жылы Ақтөбе облысының Темір ауданындағы элиталық қорғанды зерттеу нәтижесінде табылды. Сақталған алтын бұйымдар сармат қоғамы элитасы өкілінің жерленгенін білдіреді. Ә.Марғұлан атындағы Археология институты, облыстық тарихи-өлкетану музейінің және Ресей Ғылым Академиясының Материалдық мәдениет тарихы институты зерттеу тобымен консервациядан және ғылыми өңдеуден кейін біздің дәуірге дейінгі 1 мыңжылдықтың екінші жартысындағы сармат көсемінің сыртқы келбеті қайта жасалды.

Ғылыми зерттеу нәтижесінде қайта қалпына келтірілген Тасқопа көсемінің реконструкциясы музейге келушілердің үлкен қызығушылығын тудырады деп ойлаймыз