Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

Prev Next

«Ғылым биігіндегі тұлғалар»

24-12-2024

Толығырақ...

«Алты Алаштың ардағы» атты тарихи- таным…

18-12-2024

Толығырақ...

«Қобыланды батыр жыры және ұлттық қаһарм…

05-12-2024

Толығырақ...

«Алтын киімді Тасқопа көсемі» атты жылжы…

18-11-2024

Толығырақ...

«Талғам мен таным иесі» атты салтанатты …

12-11-2024

Толығырақ...

«ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТЕРІ ӨҢДЕУ КӘСІБІ: ТА…

05-11-2024

І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылып өткізілген «Музейдегі түн - 2018» акциясының АҚПАРАТЫ

   18 мамыр күні сағат 19.00-24.00 аралығындаАқтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық тарихи-өлкетану, облыстық Өнер, Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың мемориалды музейлерінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Музейдегі түн - 2018» акциясы өткізілді.

Биылғы «Музейдегі түн - 2018» акциясы облыс әкімі Б.Сапарбаевтың «Бақытты бала» жобасын қолдау мақсатында өткізіліп отыр.

 

«Музейдегі түн - 2018» акциясы мерекелік шараға сай жабдықталған облыстық Өнер музейі ғимаратында және сыртқы алаңында өткізілді.

Мақсаты: қала тұрғындары мен қонақтарын музейлік құндылықтармен таныстыру, көпшіліктің музей жұмысына деген қызығушылықтарын арттыру.

Облыстық тарихи-өлкетану музейі «Шебердің қолы ортақ» облыс қолөнер шеберлерінің бұйымдарынан сатылым көрмесін, «Жәдігер жерде қалмасын» акциясы барысында қала және облыс тұрғындары тапсырған жәдігерлердің, қалалық техникалық шығармашылық орталығының балалары дайындаған ғарыш, ұшақ және кеме макеттерінің көрмелерін ұсынды. «Жұлдызды бала» шоу-бағдарламасында талантты балалардың өнерлері көрсетілді. «Қазақстанның жас дизайнері» атанған Аяна Мұратованың киім үлгілерінен балалар дефилесі, «Табиғат әлеміне саяхат» тақырыбында танымдық ойындар ұйымдастырылып өткізілді. Қазақ ертегілері мен заманауи мультфильмдердің кейіпкерлері де ортадан табылды. Ойын-сауық орталығы арқылы қазақтың ұлттық ойындарына (асық, арқан тартыс т.б.) қатысып, қалалық жас туристер стансасының көрмесін тамашалады. «Ашық аспан астындағы обсерватория» телескоп арқылы жұлдыздар мен аспан денелерін бақылап, ғарыш кеңістігін телескоппен бақылап, астрономия бойынша ғылыми-танымдық кітаптар көрмесін және космонавтика жөнінде бейнефильм ұйымдастырып өткізді. 

Облыстық өнер музейі интерактивті көрме, скочтан жасалған мүсіндер инсталляциясын, жанды дауыстағы әндер, Үлкен форматтағы бейнелеу өнері шебер-класын, «Бәріміз сурет саламыз...» акциясын, фотоаймақ ұйымдастырып, музей алаңында Ақтөбе облысына танымал шеберлердің көрме-жәрмеңкесін өткізді.

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалдық музейі «Әлемді бейнеле» балалар арасында сурет салу байқауын, «Соғыс жаңғырығы» Ұлы Отан соғысы жылдарындағы артефактардан көрмесін, «Далалық почта», «Жауынгерлік кухня» және «Соғыс тарихындағы сандар» инсталляцияларын, караоке арқылы «Әскери патриоттық әндер», «Әлия. Мәншүк. Хиуаз» қаһарман қыздары туралы кинолента көрсетіп, келушілерге фотосессия ұсынды.