Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

«Алты Алаштың ардағы» атты тарихи- таным…

18-12-2024

Толығырақ...

«Қобыланды батыр жыры және ұлттық қаһарм…

05-12-2024

Толығырақ...

«Алтын киімді Тасқопа көсемі» атты жылжы…

18-11-2024

Толығырақ...

«Талғам мен таным иесі» атты салтанатты …

12-11-2024

Толығырақ...

«ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТЕРІ ӨҢДЕУ КӘСІБІ: ТА…

05-11-2024

І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін облыстық өнер музейінде өлкеміздегі музей саласы қызметкерлерінің қатысуымен музей ісін дамыту және оның өзекті мәселелеріне арналған секция отырысы өтті.

Секция жұмысына қатысқан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Жанар Мақсұтова музей саласы бойынша атқарылған шараларға шолу жасап, бірқатар мәселелерге тоқталды.

- Белгілі тұлғалардың және атаулы даталарға арналған шаралар жоспары мен бюджеттік өтінімін ұсынарда шараның негіздемесін жасап, оны алдын-ала жоспарлау керек. Бұл жерде шараның маңыздылығын ескеру қажет. Мекеме функциясында жоқ шараларды өткізудің қажеті жоқ.

Өздеріңізге белгілі, биыл Балалар жылы. Сондықтан балаларға арналған танымдық-патриоттық шараларға балаларды көптеп тарту керек, — деді.

Сондай-ақ, Жанар Мақсұтова әр ауданның өзіндік ерекшелігіне тән имидждік шараны қолға алып, ұйымдастыру және маңызы зор шараларды музейлер өзара бірлесіп, өткізу қажеттігін де тілге тиек етті.

Бұдан соң облыстық тарихи-өлкетану музейі ғылыми-әдістемелікті қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Қыдырғали Ермұқан өңіріміздегі музейлерге қатысты атқарылуға тиіс жұмыстарды айтып өтті.

Атап айтсақ, алдағы уақытта аудандық музейлердің жылжымалы көрмесін ұйымдастыру, кәсіби біліктілік курстарын өткізу, атаулы даталарға және белгілі тұлғалардың мерейтойларына арналған іс-шаралар жоспарын ұсыну.

Облыстық тарихи-өлкетану музейі қор бөлімінің меңгерушісі Нұрболат Ғаббасов аудандық музей қызметкерлерін облыстық музей базасында қор жұмысына қатысты іс-тәжірибеден өткізу, аталған музейдің бұқарамен байланыс жөніндегі менеджері Сағымбек Ұлықпанов аудандық музейлер өз аудандарындағы БАҚ өкілдерімен музей ісін насихаттау мақсатында баспасөз конференциялары мен брифингтер өткізу жөнінде өз ұсыныстарын айтты.

Сондай-ақ, секция отырысына қатысушылар музей ісіне қатысты тағы да басқа өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Сонымен қатар түс ауа Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында мәдениет, архив мекемелерінің өткен жылғы жұмыс қорытындысы және биылғы жылға арналған міндеттері талқылаған алқа жиыны өтіп, онда музей директоры

Мейрам Дүйсенғали аудандық музейлермен өткен жылы жүргізілген ғылыми-әдістемелік жұмыстар және оны жетілдіру жөнінде хабарлама жасап, өзекті мәселелерді ортаға салды.

Иә, тарихи-мәдени, рухани, баға жетпес ұлттық құндылықтарды көзінің қарашығындай сақтап, оны насихаттауда музейдің атқарар рөлі орасан зор, алар орны ерекше. Сондықтан мемлекет тарапынан оған одан әрі өз мәнінде қолдау көрсетіле берсе, нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Көпшіліктің пікірі бір арнаға тоғысып, осыған саяды.