Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

Prev Next

«Ғылым биігіндегі тұлғалар»

24-12-2024

Толығырақ...

«Алты Алаштың ардағы» атты тарихи- таным…

18-12-2024

Толығырақ...

«Қобыланды батыр жыры және ұлттық қаһарм…

05-12-2024

Толығырақ...

«Алтын киімді Тасқопа көсемі» атты жылжы…

18-11-2024

Толығырақ...

«Талғам мен таным иесі» атты салтанатты …

12-11-2024

Толығырақ...

«ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТЕРІ ӨҢДЕУ КӘСІБІ: ТА…

05-11-2024

І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Жәдігер жерде қалмасын» акциясы

Ақтөбе  облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен  Облыстық   өнер музейінде  2018 жылдың 15  мамыр күні  18 мамыр - Халықаралық музейлер күні қарсаңында  «Жәдігер  жерде  қалмасын»  акциясы өткізілді. Акция барысында облыс, қала тұрғындарының сыйға тапсырған заттарынан ұйымдастырылған уақытша көрме жасақталды.     

Биылғы «Жәдігер жерде қалмасын» Елордамыз Астананың 20 жылдығына бағытталып отыр.  Акцияға Облыстық  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, мәдениет мекемелері, жоғарғы, орта оқу орындары, өлкетанушылар, музей достары, қала тұрғындары    қатысты.   

Акцияның негізгі мақсаты: Ақтөбе өңірінің ежелгі тарихы бойынша, халықтың тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын қолөнер бұйымдары, зергерлік бұйымдар,қыл қалам туындылары, тұрмыстық бұйымдар және өзге ұлт өкілдерінің ұлттық, тұрмыстық заттарын, сирек кітаптарды жинақтау арқылы өлкеміздің өткені мен бүгінінің куәсін келешек ұрпаққа жеткізу.

18 мамыр - Халықаралық музейлер күні аясында бастау алған дәстүрлі акция 1999 жылы «Болашаққа мұра»- деген атпен мәдениет мекемелерінің ішінде алғашқы болып, біздің облыстық музейде ұйымдастырған болатын. Қазіргі кезде жалғасын тауып, дәстүрлі «Жәдігер жерде қалмасын!» акциясы болып отыр. Акция биылғы жылы 19-ші рет өткізілгелі отыр.

89 жылдық тарихы бар облыстық музей қорында 111 мыңнан астам экспонат есепке алынған, оның 80% халықтың қолдауымен сыйға тапсырылған заттар.


Жыл  ішінде  «Жәдігер  жерде  қалмасын»  акциясы  барысында музей қоры көптеген сый заттармен толықты. Атап айтар болсақ:  Ырғыз елді мекенінің тұрғыны болған, ҰОС ардагері, қобызшы, домбырашы жырау   Мәлік Әлмұратовтың қолданған қобызын көрмеге қойылды.Мұғалжар ауданының тұрғыны Шонаева Мауты күнделікті тұрмыста 1970 жылдары киген түлкі ішігін, ұрпақтары сыйға тапсырып музей қорын одан ірі толықтырды.  «Возрождение» неміс қауымдастығының төрағасы Смолинец Инга Николаевна Ақтөбе облысында мекендеген неміс ұлтының 1940-1960 жылдары тұрмыста пайдаланған заттары көрмеден орын алды.  Байғанин ауданына ұйымдастырылған кешенді экспедиция кезінде тұрғындардан жиналып қабылданған киіз, көрпе т.б. тұрмыстық заттар жинақталып, сонымен қатар одан әрі музей қоры дискілер, кітаптармен, т.б.тарихи маңызы бар фото-құжаттарымен толықты. Акция бір күнмен шектелмейді, жыл бойы жалғаса береді...

Бүгінгі жаңалық-ертеңгі тарих,  өткен  күнде  тұтынған  бұйым  сол  заманның  шежіресіне  айналатынын бүгін   біз  ұмытсақ  ертең   ұрпақ   бізді   ұмытуы мүмкін,   сондықтан   осы   қағиданы    музей  қызметкерлері   ұстана   отырып, шақырылған қонақтарға, қала  тұрғындарына  музейге жәдігер  жинауға  өз  үлестерін  қосуға шақырамыз.