Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

«Музей түні-2026»

13-05-2026

Толығырақ...

«Ботай – ұлы Дала мәдениеті»

23-02-2026

Толығырақ...

Ұлы жібек жолы бойындағы Отырар: ғылым м…

23-09-2025

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

Халықаралық музейлер күніне арналған «Ұлттық құндылықтар – ұлтымыздың қорғаны» атты дәстүр-Party

18 мамыр күні сағат 21.00-02.00 аралығында Халықаралық музейлер күніне орай «Ұлттық құндылықтар – ұлтымыздың қорғаны» атты Дәстүр-Party шарасы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты - қазақ халқының ұлттық киімдерін,  ойындарын, салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптарын музейге келушілерге насихаттап, көрсету.

Шара барысында ұлттық қол күрес, ләңгі, асық, арқан тартыс ойындары ойнатылып, күй тартылды, халық әндері шырқалды, арабша сауат ашу шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетіліп, шеберлер ауылында құрақ құраудан, ұршық иіруден, диірмен тартудан, қыш құмыра жасаудан мастер-класс көрсетілді. Барлық қызметкерлер ұлттық нақыштағы киім үлгісін киіп, келушілер арасынан ұлттық нақышта киініп келген қонақтарға номинациялар беріліп, сыйлықтар таратылды.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Б.О.Елеусінова, Ақтөбе облысының мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Ю.Юнисова, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ ректоры Л.Ч.Қарабасова, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ проректоры Р.А.Бекназаров, облыстық музейлер қызметкерлері,  аудандық музейлердің басшылары, музей қызметкерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Шараны «Рика-Тв», «Ақтөбе», «Хабар» телеарналары жариялап, «Ақтөбе», «Ақтюбинский вестник», «Эврика» газеттеріне мақалалар жарияланды.