Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Афиша

Prev Next

"Өмір жырын жырлайды ақын жүрек…

04-03-2024

Толығырақ...

Аймаханова Гүлсамал Төрединқызымен кезде…

12-02-2024

Толығырақ...

Руханият - ұлттық рухани және дәстүрлә қ…

05-02-2024

Толығырақ...

«Желтоқсанда жалындаған жүректер»

13-12-2023

Толығырақ...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

22-11-2023

Толығырақ...

"Баласы мен Батақтың атым Сара…

13-11-2023

Толығырақ...

Түнгі ашық есік күні

19-10-2023

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Ақтөбенің ақпарат әлемі» атты облыстық газеттер және музейдің ғылыми архивіндегі газеттер мен музей қорындағы фотоаппараттар көрмесі

23 маусым күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде 28 маусым — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні мерекесіне арналған «Ақтөбенің ақпарат әлемі» атты облыстық газеттер және музейдің ғылыми архивіндегі газеттер мен музей қорындағы фотоаппараттар көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

Көрме экспозициясына ғасырлық тарихы бар «Ақтөбе» газетінің өткені мен бүгінінен сыр шертетін, ұжымның әр жылдардағы және жұмыс барысындағы суреттері, мемлекеттік және мерекелік марапаттары, облыстық мемлекеттік архив қорында сақталған «Кедей» («Ақтөбе») газетінің араб алфавитімен шыққан 1928 жылғы тігіндісі, 1974 жылы облыстық «Коммунизм жолы» газетінің СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен наградталған «Құрмет белгісі» ордені, газеттің 1987, 2020 жылғы тігінділері, басылымның 90 жылдық мерейтойына орай шығарылған кітап пен аталған мерейтойға орай ұйымдастырылған мерекелік шара туралы шығарылған компакт-дискі, газеттің 95 жылдығына орай шығарылған журнал, «Ақтөбе Медиа» ЖШС-нің эмблемасы, басылым төсбелгісі, «Үздік ақпарат қызметкері-2016», «А-Полиграфия» статуеткалары мен газет журналистерінің әңгіме-өлең жинақтары қойылды.

Ғасырдан астам тарихы бар «Актюбинский вестник» газетінің өткені мен бүгінінен сыр шертетін, ұжымның әр жылдардағы және жұмыс сәттеріндегі суреттері және мемлекеттік марапаттары, 1968 жылы облыстық «Путь к Коммунизму» газетінің СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен наградталған «Құрмет белгісі» ордені мен Грамотасы, «Степная правда» («Актюбинский вестник») 1921 жылғы шілде-1923 жылғы маусым айларындағы тігіндісі, «Актюбинская правда» 1940, «Путь к Коммунизму» 1975, басылымның 2021 жылғы тігінділері, газеттің 100 жылдығына орай шығарылған энциклопедия, газет тілшісі Владимир Бурьяновтың медиа жобасы үшін «Еңбек адамы туралы үздік журналистік жұмыс» номинациясы бойынша иеленген «Алтын гефест» Дипломы мен газет төсбелгісі қойылды.

 Ширек ғасырдан астам тарихы бар «Диапазон» газетінің 1996 жылы шыққан алғашқы нөмірі мен Орынбор баспаханасында алғашқы нөмірінің басылу кезіндегі, басылымның 10, 20 жылдық мерейтойларында ұжым және газеттің 10 жылдығына келген Ресейдің халық әртісі Александр Филиппенконы суреттері мен газетке берілген ҚР Журналистер Академиясының «Алтын Жұлдыз» Дипломы қойылды.

Сонымен қатар музейдің ғылыми архивінде сақталған, кезінде Уфадағы «Ғалия» медресесінің қазақ шәкірттері шығарған «Садак» қолжазба әдеби журналының мұқабасы, Ресейде шыққан «Смычка» газетінің 1923 жылғы алғашқы нөмірі, 1941 Ұлы Отан соғысы басталған жылы шыққан «Социалистік жол», «Актюбинская правда», газеттерінің нөмірлері мен әр жылдардағы ескі нөмірлері және «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің әр жылдардағы нөмірлері мен музей қорында сақталған әр жылдары шыққан фотоаппараттардың түрлі маркалары мен құрал-жабдықтарын және диктофонды да көрме экспозициясынан тамашалауға болады.