Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

Prev Next

«Алтын киімді Тасқопа көсемі» атты жылжы…

18-11-2024

Толығырақ...

«Талғам мен таным иесі» атты салтанатты …

12-11-2024

Толығырақ...

«ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТЕРІ ӨҢДЕУ КӘСІБІ: ТА…

05-11-2024

І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Толығырақ...

«Дүние дидарындағы Димаш» көрмесі

22-10-2024

Толығырақ...

«Саз сазгері - Қазанғап»

08-10-2024

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

КӨШПЕЛІ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ ӨТЕДІ

29-09-2024

Толығырақ...

Невада-Семей полигоны жабылуының 35 жылд…

26-08-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

Рысжан Ілиясованы еске алуға арналған дөңгелек үстел

А.ж. 9 қазан күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Қазақ хандығы» залында ҚР еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, «Үздік өлкетанушы», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісінің иегері, ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Ырғыз ауданының және Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы Рысжан Ілиясованы еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты — өлкетанушының өнегелі өмірін дәріптеп, насихаттау.

Рысжан Ілиясқызы 1937 жылдың 12 тамызында Ырғыз ауданы Толыбай ауылында дүниеге келген. 1980-2003 жылдары аралығында облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры болып атқарған қызметінде халық мұрасын жинақтап, жаңа экспозицияларды алғашқылардың бірі болып жасақтады. Рысжан Ілиясқызы — XXI ғасыр музейлерінің республикада «Музейлік педагогика» саласын енгізудің бастамашысы.

Жарты ғасыр облысымыздың мәдениет саласына, оның ішінде қырық жылдай ғасырлар шежіресі мен халықтың тарихи-мәдени, рухани бай мұрасын насихаттап, зерттеп-зерделеуде Рысжан Ілиясқызының сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Атап айтқанда, облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы болған ширек ғасырда түрлі деңгейде ѳткен аймақтық, халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар, конференцияларға белсене қатысып, ѳлке тарихы және музейлердің алда тұрған міндеттері туралы, зерттеулері мен ұсыныстарын айтып, мазмұнды баяндамалар оқыды.

Абат-Байтақ қорымынан бастап, өңірдегі тарихи орындар, ескерткіштер, киелі жерлер мен әулиелер, сынықшы, қолөнер шеберлерін жұртшылыққа алғаш таныстырушы ретіндегі еңбегі де ұшан-теңіз. Жүздеген экспедициялармен ѳлкенің түкпір-түкпірін аралады. Жинақтаған материалдары музей қорында сақтаулы.  

Шараға қатысушылар мен музей келушілері үшін Рысжан Ілиясқызының жеке тұтынған заттары мен фотосуреттерінен көрме ұйымдастырылды.

Шараға зиялы қауым өкілдері, өлкетанушылар, музей жанашырлары мен мәдениет саласының қызметкерлері қатысып, көптеген естеліктерімен бөлісті.