Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Толығырақ...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Толығырақ...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Даланың дара ұлы – Ахмет» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Қазан айының 15-і күні Алға ауданының Самбай ауылында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Алға аудандық білім бөлімі, Самбай ауылының А.Байтұрсынов атындағы мектебімен бірлесе отыра, Алаштың ардақты тұлғасы А.Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай «Даланың дара ұлы – Ахмет» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырып өткізді.

Шараның мақсаты: Қазақ халқының біртуар ұлдарының бірі Ахмет Байтұрсыновтың мұрасын халыққа насихаттау, жастарға жеткізу. Ұлт ұстазы атанған тұлғаның өмірінің кезеңдеріндегі өлкеміздің тарихымен тығыз байланыс тұстарын өскелең ұрпаққа таныстыру.

А.Байтұрсынов 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдік мектепті бітіргеннен кейін, өзі жазғандай, «әртүрлі мектепте қызмет жасады – әуелі ауылдық, сосын болыстық және екі кластық» мұғалімдік қызметін жүргізеді. 1895-1896 жж. Ақтөбе уезі, Бестамақ болысында қазіргі Алға ауданы Самбай ауылының болысы Ахметкерей Қосуақовтың салдырған мектебінде мұғалімдік қызмет атқарады. Қазіргі таңда Самбай ауылында А.Байтұрсынов атындағы мектеп бар және Алаш тұлғасының алғашқы еңбек жолының осы ауылдан басталуы өңір тарихы үшін маңызы зор.

Шараға Алға аудандық білім бөлімі, Самбай ауылының әкімдігі, Ақтөбе қаласының зиялы қауым өкілдері, тарихшы-ғалымдар, Алға ауданы бойынша мектеп директорлары мен мұғалімдері,ауыл тұрғындары,облыстық музей қызметкерлері қатысты.