Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Толығырақ...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Толығырақ...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

25-қазан Қазақстан Республикасының Республика күніне орай «Егемендік ел бақыты» атты танымдық кездесу ұйымдастырылды

1990 жылдың 25 қазан күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің №307-XII жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.

Қазақстан Республикасы егемендігінің жариялануы Қазақстанның мемлекеттілігінің бастамасы болып есептелінеді.

2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық Құрылтайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынған болатын. Осыған орай Республика күні яғни 25 қазан – ұлттық мереке болып бекітілді.

Мақсаты: Қазақстан Республикасы күніне түсінік беру. Республика күнін атап өту қарсаңында, ел тарихына шолу жасау.

Танымдық кездесуге Ақтөбе қаласындағы №18 қазақ орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары, музей қызметкерлері қатысты. Музей қызметкерлері Республика күнінің тарихын баяндап, оқушылар еліміздің тәуелсіздігі туралы патриоттық өлеңдер оқып, пікір алмасты.