Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

«Алты Алаштың ардағы» атты тарихи- таным…

18-12-2024

Толығырақ...

«Қобыланды батыр жыры және ұлттық қаһарм…

05-12-2024

Толығырақ...

«Алтын киімді Тасқопа көсемі» атты жылжы…

18-11-2024

Толығырақ...

«Талғам мен таным иесі» атты салтанатты …

12-11-2024

Толығырақ...

«ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТЕРІ ӨҢДЕУ КӘСІБІ: ТА…

05-11-2024

І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Рухани жаңғыру және археологиялық мұра. МАРҒҰЛАН ОҚУЛАРЫ – 2018» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

19 сәуір күні Студенттер сарайында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі, ҚР БЖҒМ БК Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті және Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің бірлесуімен, мемлекеттік идеологиялық бағыттағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Қазақстанның қасиетті географиясы» және Астана қаласының 20 жылдығына арналған  «Марғұлан оқулары - 2018. Рухани жаңғыру және археологиялық мұра» атты халықаралық ғылыми - практикалық конференциясы ұйымдастырылып өткізілді.


Конференцияның ашылу салтанаты облыс әкімінің орынбасары Е.Нұрғалиевтің құттықтау сөзімен бастау алды.

 Пленарлық мәжілісте  Зайберт В.Ф. «К вопросу о конно- транспортной коммуникации и миссии степной цивилизации», Хабдулина М.К. «Городище Бозок в средневековой истории Астаны», Маргулан Д.А. «Труды и воспоминания об А.Х. Маргулане», Байтанаев Б.А. «Духовная модернизация и сакральная география Казахстана», Ситдиков А.Г. «Новые исследования гончарных печей золотоордынского Болгара (раcкоп CCXCVI)», Нечвалода А.И. «Визуализация истории: древнее и средневековое населениеКазахстана по данным антропологической реконструкции лица по черепу», Далалян Т.С. «Скифские племена на территории Казахстана согласно упоминаниям древних авторов» тақырыптарында атақты ғалым-археологтардың  баяндамалары тыңдалды.

 

Пленарлық мәжілістен кейін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Тарих» факультетінде «Ұлы Жібек жолының сакралды географиясы» тақырыбында дөңгелек үстел, бес секция бойынша жұмыстар жүргізілді:

«Тас және палеометалл дәуірлерінің археологиялық мәдениеттерін зерттеу»,
«Көшпелілер өркениеті ескерткіштерін археологиялық зерттеу»,
«Ежелгі және орта ғасырлық қоныстанудың археологиялық зерттелуі»,
«Ежелгі және дәстүрлі қоғамдарды этноархеологиялық зерттеулер»,
«Антропология, ежелгі өнер және сәулет, археологиядағы жаңа тәсілдер мен инновациялық әдістер».
20 сәуір күні «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау және пайдалану туралы» ҚР заң жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.


Конференцияжұмысы барысында Еуразия даласының археологиясы, этнографиясы, антропологиясы және тарихының өзекті мәселелері мен ғылыми жетістіктері бойынша ақпараттарымен алмасты. Ұсынылған тақырыптардың уақыттық шеңбері адамзаттың пайда болуынан бастап қазіргі заманға дейінгі аралықты қамтыды.

 

Конференция қонақтары мен қатысушылардың көп бөлігін құрайтын Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Орынбор, Самара, Уфа, Новосибирск, Киев, Баку, Ташкент, Бішкек және ТМД кеңістігінің көптеген басқа қалаларының ғалымдары, Қазақстан Республикасының ірі музейлерінің басшылары мен қызметкерлері Еуразияның тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға байланысты маңызды сұрақтарды талқылады.