Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Толығырақ...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Толығырақ...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

ӨЗЕКТІ КЕЗДЕСУ

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Тарих факультетінде жұмыс берушілердің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге Орталығымыздың бас инспекторы Жандос Жәумітұлы, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мейрам Нұрланұлы және т.б мекеме басшылары қатысты.

⠀
Кездесу барысында 6В01601-Тарих, 6В02201-Тарих, 6В01511-География-Тарих ББ-на жұмыс берушілердің тарапынан енгізілген пәндер атап өтілді. Маман дайындауға қатысты жұмыс берушілердің өкілдері өз пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар жұмыс берушілер теориялық білімді практикамен кеңінен ұштастыру қажеттілігі, осы мақсатта оқу практикаларының уақытын ұлғайту жөнінде ұсыныс-пікірлер берілді.

⠀
Кездесуде факультет деканы т.ғ.к., доцент Г.Ы.Купенова маман дайындаушылар мен жұмыс берушілердің арасындағы байланыс, сұраныстарға жауап беру заман талабы, сондай-ақ сапалы маман дайындауда өте қажет екендігі атап өтілді.