Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

«Музей түні-2026»

13-05-2026

Толығырақ...

«Ботай – ұлы Дала мәдениеті»

23-02-2026

Толығырақ...

Ұлы жібек жолы бойындағы Отырар: ғылым м…

23-09-2025

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

ҚҰСТАР КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

Құстар күніне арналған «Құстарға қамқоршы болайық!» атты танымдық шара өтті. Оған Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті кәсіби шығармашылық факультетінің 3-курс студенттері қатысты.   

Шарада Шығармашылық академиясы «Еңлік» би ансамблінің бишілер тобы би билеп, қалалық жас туристер стансасы үйірмесінің оқушылары құстарға қатысты ою-өрнектер құрастырып, сұрақтарға жауап берді.    Шығармашылық академиясының үйірме жетекшісі, белгілі қолөнер шебері Гүлнұр Асқарова, облыстық тарихи-өлкетану музейінің суретші-реставраторы, белгілі зергер Болат Атыраубаев атадан балаға жалғасып келе жатқан қолөнердің қазақ мәдениетінде алар орны ерекше екенін атап өтті.

Музей қызметкері Майра Буханова әлем құстары және олардың ерекшеліктерін түсіндіріп, Ахмет Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің домбырашысы Еркебұлан Амангелдіұлы «Аққу» күйін орындады.

Шара соңында атсалысып, белсенділік танытқандар музей директорының атынан Алғыс хаттармен марапатталды.