Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Толығырақ...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Толығырақ...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

РЕЗЕРВАТ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Парктер шеруі-2023» акциясы аясында «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мекемесінің мамандарымен кездесу өтті. Халықаралық табиғатты қорғау акциясы жыл сайын елімізде 22 наурыз бен 5 маусым аралығында өткізіледі.

Кездесуде «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» мекемесінің бас мамандары Әсемгүл Әбдірахманова, Шынар Ақашова акцияның маңыздылығы, резерваттың тарихы мен атқаратын қызметі және онда қорғалатын жануарлар дүниесі туралы слайд арқылы көрсетіп, тұшымды әңгіме өрбітті.

 Бұл шара 1840 жылы АҚШ-та Ағаш егу күні ретінде бастау алып, 1882 жылдың 22 сәуірінде бұл күн ресми мереке ретінде жарияланған. Ал 1970 жылдан бастап Жер күні экологиялық білімге арналған мерекеге айналды.1990-жылдардан бері «Парктер шеруі» халықаралық мерекеге ұласып, оған әлемнің 141 елінен  200 млн. адам қатысты. 1997 жылдан бері бұл акция елімізде, ал резерватта 2008 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Өз кезегінде музейдің бөлім меңгерушісі Майра Буханова, бас қор сақтаушы Базаргүл Тұрлыбаева, ғалым-хатшы Арман Ержанов, т.б. табиғат сақшыларына сауалдарын қойды.

 Шара соңында музей қызметкерлері қонақтарға алғыстарын білдіріп, Ырғыз ауданынан арнайы келген мамандар музейге резерват территориясынан табылған қамыс айқабағының ұясы мен көкпек өсімдігінің тамырын және табиғи тасты сыйға тартты.