Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

Prev Next

«Алтын киімді Тасқопа көсемі» атты жылжы…

18-11-2024

Толығырақ...

«Талғам мен таным иесі» атты салтанатты …

12-11-2024

Толығырақ...

«ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТЕРІ ӨҢДЕУ КӘСІБІ: ТА…

05-11-2024

І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Толығырақ...

«Дүние дидарындағы Димаш» көрмесі

22-10-2024

Толығырақ...

«Саз сазгері - Қазанғап»

08-10-2024

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

КӨШПЕЛІ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ ӨТЕДІ

29-09-2024

Толығырақ...

Невада-Семей полигоны жабылуының 35 жылд…

26-08-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«АРҚАЙЫМ - ҚАЛАЛАР ЕЛІ: КЕӉІСТІК ПЕН БЕЙНЕЛЕР»

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Арқайым - қалалар елі: кеӊістік пен бейнелер» халықаралық фотокөрмесі ашылады.

Көрме қола дәуірінің күллі әлемге танымал Арқайым ескерткішінің ашылуының 30 жылдығына, «Сынташты» мәдени-тарихи кешенінің зерттеле бастауының 45 жылдығына және әлемге қалалар елін ашқан археолог, профессор Г.Б.Здановичтің 80 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр.
Шараның ашылу барысында облыстық мәдениет басқармасы өнер және тарихи-мәдени мұра бөлімінің басшысы Жанар Туғамбайқызы сөз сөйлеп, бұл көшпелі көрменің орны ерекеше екенін атап өтті. "Арарат" Халықаралық академиясыныӊ корреспондент-мүшесі Юрий Владимирович «Арқайым» ескерткешінің мән-мағынасын толыққанды түсіндірді. Сондай-ақ, музей басшысы Мейрам Нұрланұлына алғыс хат табыстады.
Фотокөрмеде «Арқайым. Оңтүстік Орал аймағының мәдени және рухани кеңістігі» атты 30 минуттық деректі фильм көрсетілді. Орталық музей барша келушілерді Оӊтүстік Оралдыӊ мәдени феноменімен және үндіеуропалық тұрғындар өркениетімен таныстырды.
Көлемі, құрылымдық сипаты, ғылыми деректерініӊ молдығы мен маӊыздылығы жағынан тарихшылар мен археологтар үшін маӊызы өте зор бұл ескерткіш 1987 жылы ашылды. Содан бері кеӊ көлемді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл шеңбердің ескерткіштері б.з.д. III-II мыңжылдықтарға жатады. Арқайым қонысы екі шеӊберлі жал түрінде салынған, ортасында құрылыс салынбаған төртбұрышты алаӊы бар бекініс.
Фотокөрме стендтерінде «Қалалар елі» ескерткіштерінің географиялық орналасуы; бекіністі және бекініссіз қоныстардың аэрофототүсірілімдерінің мағынасын ашатын материалдар, әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі археологиялық қазба жұмыстарының фотолары, сол сияқты тірі табиғат пен онға жуық бекіністі қоныстардың бүгінгі жағдайы туралы авторлық фотосуреттерде берілген.