Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

«Музей түні-2026»

13-05-2026

Толығырақ...

«Ботай – ұлы Дала мәдениеті»

23-02-2026

Толығырақ...

Ұлы жібек жолы бойындағы Отырар: ғылым м…

23-09-2025

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

ӨНЕРЛІ ОТБАСЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасы — тәрбие мектебі» атты Асылхановтар отбасымен кездесу өтті. Мерекелік шараға белгілі күйші Жайлау Асылхановтың отбасы қатысты.

 Жайлау Асылханов пен зайыбы Бағдагүл Қосмағанбетова өз отбасылары мен отбасы құндылығы және бала тәрбиесі туралы тұшымды әңгіме өрбітті.
— «Отан — отбасынан басталады» демекші, ата-анамыздан алған тәлім-тәрбиенің арқасында жақсы оқып, өнер жолында көптеген үлкен жетістіктерге жеттік. Ұзақ жылдан бері қазақтың киелі қара домбырасы мен күйшілік өнерін жаныма серік етіп келемін.

«Оқу — білім бұлағы, білім өмір шырағы» дегендей, Сіздер де жақсы оқып, табанды еңбек етіп, елдің мақтан тұтар, үлгілі азаматы болыңыздар! — деп шынайы тілектестігін білдірді Жайлау Асылханов кездесуге келген Ұ.Құлымбетов атындағы №64 орта мектеп оқушыларына. Сонымен қатар ол Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым», Құрманғазының «Адай» және Қазанғаптың «Жем суының тасқыны» атты күйлерін нақышына келтіріп орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Жиналған қауым өнерлі отбасы туралы әзірленген шағын бейнесюжетті тамашалады.

Өз кезегінде музей қызметкері Алмагүл Сарыбай, көп балалы ана Бибігүл Әбілдаева, қолөнер шебері Лаура Бердібекова тәрбиелік мәні зор кездесуге арқау болған отбасына алғыстарын айтты.

Шара соңында музей директорының орынбасары Медет Құлмұқанов қонақтарға өлке тарихынан сыр шертер кітаптар табыстады.