Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Толығырақ...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Толығырақ...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

ДІНИ ҚАЙРАТКЕРЛЕРДІ ЕСКЕ АЛДЫ

«Руханият» көрме залында 31 мамыр — Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай музей жанындағы «Руханият» танымдық-патриоттық клубының ұйымдастыруымен «Зұлмат заманның зобалаңы» атты тарихи-танымдық шара өтті.

Музейдің бөлім меңгерушісі Қыдырғали Ермұқан, «Руханият» клубының жетекшісі Жібек Абдуллина шараның маңыздылығы мен клубтың атқарылған жұмыстарына тоқталып және репрессияға ұшыраған діни қайраткерлердің ұрпақтары естеліктерімен бөлісті.

Сонымен қатар шара аясында С. Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Ұлтын ұлық тұтқан арыстар» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу және «Руханият көрме-залындағы репрессияға ұшыраған діни қайраткерлерге арналған экспозицияларға экскурсия жүргізілді.

Сондай-ақ, діни қайраткерлердің ұрпақтары, «Руханият» клубының белсенді мүшелері мен С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының кітапханашылары музей директорының атынан Алғыс хаттармен марапатталды.

Шараға қуғын-сүргінге ұшыраған діни қайраткерлердің ұрпақтары, өлкетанушылар, тарихшылар мен студенттер қатысты.