Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

«Музей түні-2026»

13-05-2026

Толығырақ...

«Ботай – ұлы Дала мәдениеті»

23-02-2026

Толығырақ...

Ұлы жібек жолы бойындағы Отырар: ғылым м…

23-09-2025

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

Әкелер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ең жақсы адам» тақырыбындағы кездесу туралы АҚПАРАТ

Қазақ қоғамында әкенің алатын әлеуметтік орны ерекше. Отбасылық құндылықтарды насихаттау мен ата-ана институтын нығайту мақсатында Үкімет қаулысымен маусымның үшінші жексенбісі — Әкелер күні болып ресми мереке ретінде белгіленіп, еліміздің мерекелік күндердің тізбесіне енгізілді.

Мерекелік шараға облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің азаншысы, Халал Дамудың Ақтөбе облысы бойынша өкілі — Жарасқан Әбдісаламов, темір жол саласының қызметкері, үш баланың әкесі, ақтөбелік жас блогер — Еламан Иманғожа, ҚР-ның Құрметті азаматы, Облыстық сотта және 3-ші сотта тәжірибелі медиатор және педагог Әбілдаева Бибігүл Әдбішүкірқызы және Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.

Кездесу барысында әкенің отбасы мен бала тәрбиесіндегі рөлі туралы талқыланды. Шара соңында экскурсиялық-бұқаралық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Айзагүл Джамбулова шақырылған қонақтарды музей директоры атынан Алғыс хаттармен марапаттап, ризашылығын білдірді.