Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

«Алты Алаштың ардағы» атты тарихи- таным…

18-12-2024

Толығырақ...

«Қобыланды батыр жыры және ұлттық қаһарм…

05-12-2024

Толығырақ...

«Алтын киімді Тасқопа көсемі» атты жылжы…

18-11-2024

Толығырақ...

«Талғам мен таным иесі» атты салтанатты …

12-11-2024

Толығырақ...

«ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТЕРІ ӨҢДЕУ КӘСІБІ: ТА…

05-11-2024

І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Арыстан жалды заңғар жазушы»

Халық жазушысы, драматург, аудармашы Тахауи Ахтановтың (1923-1994 жж.) туғанына 100 жыл толуына арналған «Заңғар жазушы» тақырыбындағы танымдық кездесу өтті.

Мақсаты: Жазушының өмір жолы мен шығармаларын талдау және музей қорында сақталған мұраларын насихаттау.

Тарихшы, «Үздік өлкетанушы» төсбелгісінің иегері, Т.Ахтановпен бірнеше мәрте кездескен Бекарыстан Мырзабай, музей қызметкерлері мен кітапханашылар қатысты.

Бекарыстан Мырзабай жазушымен кездесулері барысындағы естеліктерімен бөлісті. Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театр әртісі Майгүл Мұзбаева қаламгердің «Ант» спектаклі бойынша Бопай ханым рөліндегі монологын оқыды.

Т. Ахтанов 1923 жылы қазіргі Ақтөбе облысының Шалқар ауданы Шетырғыз ауылында өмірге келген. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түсіп, ІІ-курста өзі сұранып майданға аттанған.

Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген туындысы «Күй аңызы». 1956 жылы «Қаһарлы күндер» атты романы жарық көрген. «Дала сыры» повесі үшін 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген.

Шығармаларының қатарында «Сәуле», «Боран», «Ант», «Әке мен бала»,«Махаббат мұңы», «Күтпеген кездесу» драмалары, «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу» комедиялары бар.

А. Толстойдың «Азапты сапарда» трилогиясын, М. Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударған.

«Көркем әдебиет» баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда сценарий бөлімінің бастығы, «Жұлдыз» журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, көркемөнер бас басқармасының бастығы, республикалық кітап палатасының директоры сияқты жауапты қызметтер атқарған.