Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Толығырақ...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Толығырақ...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«ТАРТ КҮЙІҢДІ, ДОМБЫРА!» МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ

29 маусым күні экскурсиялық-бұқаралық жұмыстар мен археология және этнография бөлімдері бірлесіп Ұлттық домбыра  күні қарсаңында көненің көзі, ата-бабамыздан қалған баға жетпес асыл мұрасы - қазақтың қара домбырасын насихаттау мақсатында «Тарт күйіңді, домбыра!» атты мерекелік концерттік шара ұйымдастырды.

Шара барысында рухани төл өнерімізді жалғастырып келе жатқан Демеу Жолымбетов, Өмірхан Жетесов секілді белгілі өнер майталмандары, «Әдеп» халықтық тобы, «Жеті өнер» шығармашылық орталығының көркемөнерпаз жастары, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның «Аққу» би ансамблі, А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің әртіс жастары қатысып, дана халқымыздың дәстүрлі ән мен жырын, киелі күй өнерін паш етті. Қолөнер шебері Ерқосай Әбілов домбыраның жасалу жолдары туралы сөз қозғады.