Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

Prev Next

"Көне мешіт шежіресі және Нұрым Рах…

16-04-2025

Толығырақ...

"Парктер шеруі- 2025" табиғатт…

16-04-2025

Толығырақ...

"Үздік экскурсовод - 2025" обл…

24-01-2025

Толығырақ...

«Ғылым биігіндегі тұлғалар»

24-12-2024

Толығырақ...

«Алты Алаштың ардағы» атты тарихи- таным…

18-12-2024

Толығырақ...

«Қобыланды батыр жыры және ұлттық қаһарм…

05-12-2024

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Әбілқайыр хан: қолбасшы, билеуші және саясаткер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

ХVIII ғ. жоңғар шапқыншылығы тұсында үш жүздің басын қосып, жауға төтеп берген аға хан — Әбілқайыр ханның туғанына 330 жыл толуына арналған ұлы тұлғаның есімін ұлықтау мақсатында 11-12 қазанда көлемді іс-шаралар өтті.

11 қазанда ұйымдастырылған «Әбілқайыр хан: қолбасшы, билеуші және саясаткер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына Хан моласында 30 жылдан астам зерттеу жүргізіп, Әбілқайыр хан жерленгендігін дәлелдеген тарих ғылымдарының докторы, профессор Серік Әжіғалимен қатар республикаға белгілі ғалымдар, Әбілқайыр хан тұлғасын және оның заманын зерттеген жетекші шетелдік тарихшылар қатысты.

Конференция аясында профессор Гүлбану Ізбасарованың «XVIII ғ.-ХІХ ғ. басындағы Ресей империясының аймақтық саясатындағы Батыс Қазақстан» монографиясының тұсаукесері өтті. Сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтары Есет батыр мөлтек ауданындағы Бопай ханым көшесінің ашылу рәсіміне қатысты.

12 қазанда Әйтеке би ауданындағы Хан моласы мемориалдық кешенінде баба рухына тағзым етіліп, ас берілді және кешенге экскурсия жүргізілді.

Сонымен қатар Ресей Федерациясының Орынбор облысындағы Бопай ханымның зиратынан алынған топырақ Әбілқайыр хан жерленген Хан моласына қойылды. Сондай-ақ, Әбілқайыр ханның 330 жылдығына жиналған қауым 12 қазан күні Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында өтетін «Әбілқайыр хан» қойылымының тұсаукесерін тамашалады.