Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Толығырақ...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Толығырақ...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Ұлттық теңге — тәуелсіздігіміздің нышаны»

14 қараша күні облыстық музейде экскурсиялық-бұқаралық жұмыстар бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлттық валюта - теңгенің айналымға енуіне 30 жыл толуына орай  «Ұлттық теңге — тәуелсіздігіміздің нышаны» тақырыбында танымдық сабақ өтті.

Сабақтың мақсаты - Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгенің шығу тарихы туралы мағлұмат бере отырып, оның маңызы, теңгені енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру. Сабақ барысында бөлімнің нұсқаушысы А.Сарыбай тарихтағы ең алғашқы ақшалардың пайда болуы, теңгенің шығу тарихы туралы мол мағлұмат берді. Бөлім меңгерушісі А.Джамбулова оқушыларға 1993 жылы ұлттық валютаны енгізудің қажеттілігі мен теңге банкноттарының эволюциясы туралы ақпарат берді. Сабақты қорытындылау мақсатында рефлексия әдісімен сұрақ-жауап арқылы кері байланыс орнатылды.

Танымдық сабаққа М.Дулатұлы атындағы №63 ЖББ орта мектеп-лицейінің 7 класс оқушылары қатысты.