Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

«Алты Алаштың ардағы» атты тарихи- таным…

18-12-2024

Толығырақ...

«Қобыланды батыр жыры және ұлттық қаһарм…

05-12-2024

Толығырақ...

«Алтын киімді Тасқопа көсемі» атты жылжы…

18-11-2024

Толығырақ...

«Талғам мен таным иесі» атты салтанатты …

12-11-2024

Толығырақ...

«ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТЕРІ ӨҢДЕУ КӘСІБІ: ТА…

05-11-2024

І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Халықтардың Ұлы қоныс аударуы қарсаңындағы далалық тайпалар» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2023 жылдың 23-24 қарашасында Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық тарихи-өлкетану музейі және ҚР ҒЖБМ ҒК Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты бірлесіп «Халықтардың Ұлы қоныс аударуы қарсаңындағы далалық тайпалар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды.

Конференцияның басты мақсаты — отандық және шетелдік ғалымдардың Ұлы қоныс аудару кезеңіндегі ғұн тайпалары мәдениетін зерттеудегі жетістіктерін көпшілікке жеткізу.

Конференция жұмысында ғұн кезеңі ескерткіштерін зерттеу, Халықтардың Ұлы қоныс аударуы дәуіріне қатысты жаңа археологиялық ашулармен байланысты сұрақтар қарастырылды және ғұн дәуірін зерттеу перспективалары мен өзекті мәселелері талқыланды.

Конференция жұмысы аясында ауқымды мәдени бағдарлама жоспарланған, оның ішінде Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары музейлерінің қорынан ғұн-сармат кезеңі бұйымдарынан жылжымалы көрме ұйымдастыру, сонымен қатар Елек І кездейсоқ табылған материалдары негізінде ғұнның костюмі, қару-жарақ және ат әбзелі жиынтықтарының ғылыми-көркемдік және заттай қайта жаңғыртпасының ашылуы.

Екі кітаптың тұсаукесері. Біріншісі, «Алтынқазған жерлеу-рәсімдік кешені (ІІІ – VI ғ. бірінші жартысы)» монографиясы ескерткіштің далалық, камералық және аналитикалық зерттеулерінің барлық ауқымын қамтиды. Алтынқазғанда табылған барлық олжалар, сондай-ақ кешеннің пайда болу тарихы мен қызмет етуіне қатысты аналитикалық мәліметтер, Арал-Каспий маңындағы көшпелілер қауымының кейінгі антикалық және ерте орта ғасырлардағы рухани мәдениетінің дамуы туралы зерттеулер ғылыми айналымға енгізілді.

Екінші монография «Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштері жинағы. Ақтөбе облысы. 1-ші шығарылым. Қарғалы ауданы». Бірінші кезекте тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және насихаттау саласындағы өңірлік саясатты жүзеге асыруға бағытталған. Басылымда зерттеу тарихы, ескерткіштердің тізімі мен сипаттамасы, ескерткіштерге қатысты заңнамалық актілер топтастырылған.

Конференцияға Қазақстанның, Түркияның, Венгрияның, Монғолияның, Ресейдің, Өзбекстанның, Қырғызстанның жетекші тарихшылары, археологтары, ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері қатысты.