Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Афиша

Prev Next

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

КӨШПЕЛІ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ ӨТЕДІ

29-09-2024

Толығырақ...

Невада-Семей полигоны жабылуының 35 жылд…

26-08-2024

Толығырақ...

"Ақыл-ойдың шамшырағы" атты әд…

05-08-2024

Толығырақ...

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

19-07-2024

Толығырақ...

"Выдающий геолог, крупный ученый-не…

24-06-2024

Толығырақ...

Музей түні - 2024

15-05-2024

Толығырақ...

"Өмір жырын жырлайды ақын жүрек…

04-03-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама!» тақырыбында мамандармен кездесу өтті

20 маусым күні 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама!» тақырыбында  мамандармен кездесу өтті.

 Мақсаты: жастар арасында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың аналогтарының заңсыз айналымы проблемаларына назар аудару, есірткінің зияны туралы ойлануға түрткі болу.

Кездесу қонақтары: Ақтөбе облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігері – Бекбергенова Алия Жексенгалиевна және Ақтөбе облысы Полиция Департаментінің «Есірткіге қарсы күрес іс-қимыл» бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі - Аскаров Асхат Кенжегалиевич.

Жүргізуші «Экскурсиялық-бұқаралық жұмыс» бөлімінің нұсқаушысы кіріспе сөз сөйлеп, келген мамандарға сұрақтар қойды.  

Кездесуге Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының еріктілері қатысты.

Жалпы кездесу барысында нарколог дәрігер есірткінің пайда болу жолдарын және адамдардың не үшін тәуелді болып қалатынын айтып берді. Жалпы есірткіге тәуелділіктің алғашқы белгілерін, алғашқы көмек, асқынулар, алдын алу, осындай жағдайға жеткізетін негізгі басты себептерді атап өтті. Сонымен қатар өз жұмыс барысында есірткінің зардабынан диспансерге түскен әрбір адамның ауыр жағдайларын айтып, көп қиыншылық жақындарына түсетінін айтты. Жастарға есірткінің адам баласына зияны, кесапаты жөнінде баяндап, өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда екенін ұғындырып, ақыл-кеңесін берді.  

«Есірткіге қарсы күрес іс-қимыл» бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі А.Аскаров нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсерін, онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау, қорлық көрсету т.б ауыр, аса ауыр қылмыстар жасауға итермелейтінін айтты. Жасөспірімдер мен жастардың қазіргі таңда әлеуметтік желілердегі жылтыр жарнамаға еліктеп, көп табыс  табу мақсатында есірткі саудасына қалай түсіп қалатынын және оның зардабынан темір торға тоғытылатынын айтып өтті.

Ақтөбе қаласы бойынша құқық қорғау органдары дайындаған арнайы бейне жазба көрсетілді. Бейне жазбада есірткі тасымалдаушылардың ұсталып жатқан сәті және жазасын өтеуші жастар өздерінің қателескенін айтып, қатарластарына шалыс баспауы баяндалады.  

Кездесуде жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өздеріне керекті мағлұмат ала білді.