Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Афиша

Prev Next

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

КӨШПЕЛІ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ ӨТЕДІ

29-09-2024

Толығырақ...

Невада-Семей полигоны жабылуының 35 жылд…

26-08-2024

Толығырақ...

"Ақыл-ойдың шамшырағы" атты әд…

05-08-2024

Толығырақ...

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

19-07-2024

Толығырақ...

"Выдающий геолог, крупный ученый-не…

24-06-2024

Толығырақ...

Музей түні - 2024

15-05-2024

Толығырақ...

"Өмір жырын жырлайды ақын жүрек…

04-03-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІК МЕКЕНІ

24 шілде күні Қобда ауданының 95 жылдығы қарсаңында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің Қобда аудандық бөлімінің ашылуына орай «Музей түні - 2024» мәдени іс-шарасы өтті.

«Ерлік пен елдіктің мекені» атанған қобдалықтар тағы бір тарихи сәттің куәсі болды. Бүгінгі таңда жаңа ғимаратта орналасқан музей экспозициясы  қазақ халқының мәдениетінің ежелгі дәуірден бастап, қазіргі кезеңге дейін қамтитын тарихи-мәдени мұраларды қамтиды.

 Іс шара Қобда Өнер мектебі домбырашыларының қазақ күйлерінен попурри орындауымен бастау алды. Халықтық «Қарлығаш» би ансамблі «Шашу» және «Батыр қыздар» биін тарту етті. 

Алғашқы құттықтау сөз облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Юнисоваға берілді. Музейдің ашылуына құттықтауын арнап, ұжымға алғыс хат және музей қорына 7 томдық «Қобыланды батыр» жыр-дастанын табыстады.

Музейдің реэкспозициясына атсалысқан Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры М.Дүйсенғали, ғалым хатшы А.Ержанов, ғылыми қызметкер Ф.Мұстафин, қор бөлімінің меңгерушісі Н.Ғаббасов, экспозициялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі О.Төлегенов аудан әкімі Ізгілік Досмұратұлының атынан Алғыс хаттармен марапатталды.

Қайта жасақталған музей залдарына келген қонақтар мен тұрғындарға экскурсия жүргізілді.

 Сондай ақ түнгі уақытта қонақтар назарына  ҚР ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің «Қобда» шекара бөлімінің бастығы, подполковник А.Расулов АК-74 шашып-жинаудан, шебер О.Төлегенов ескі әдіспен «Қыш шеберханасы» көрінісінен қыштан құмыра жасау, «Асыл тастар құпиялары» зергер Б.Атыраубаевтың көрмесі мен шеберлік сағатын өткізсе, суретші Б.Кулниязов картиналар көрмесін жасақтап, сурет салудан,  Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры О.Жәнибекова келушілермен спорт мектебінің ойыншылары «Тоғыз құмалақ және асық ойынын ойнайық» ұлттық ойындарын өткізсе, «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының Аналары өз қолдарынан шыққан бұйымдардан көрме, И.Тайманов атындағы гимназия ұстазы Т.Аятхан «Шебердің қолы көпке ортақ» қолөнер бұйымдарынан және шеберлік сағатын халыққа ұсынды.

Мереке  қонақтары музейдің «Шоқпар» орманы және «Сержант Иманғали Білтабанов ерлігі» панаромасының авторы, Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағынын мүшесі М.Қожағұлов,  әскери қызметкер, полковник Қ.Сатенов, өлкетанушы «Руханият» танымдық клубының жетекшісі Ж.Абдуллина, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент  Б.Құрманбековтын ұрпақтары сөз алып, қорға жәдігерлер тапсырды. Ангола жеріндегі контр-революциялық күштерге қарсы соғыс қимылдарына қатысушы, Чернобыль ардагері Б.Сатов, төрт соғыстың куәгері С.Құрманалиннің қызы, Кеңес Одағынын Батыры М.Колесниковтың немересі В.Дуброва  қатысты.

 Музей түніне келушілер «Музей түні – 2024», «Алғашқы қауым өкілдері», «Көбелек қанаты» фотозоналарына естелік суретке түсіп, балалар  әртүрлі нақыштағы көбелектерден пазл құрастырды.