Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Толығырақ...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Толығырақ...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Алғыс айту - парызымыз!» тақырыбында танымдық кездесу өтті

27 ақпан күні «Экскурсиялық-бұқаралық жұмыстар» бөлімінің ұйымдастыруымен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту - парызымыз!» тақырыбында танымдық кездесу өтті.

Жыл өткен сайын бұл мереке еліміздің азаматтары үшін көбірек мағынаға ие болып, оның маңыздылығы арта түсуде. Дәл осы күні елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бұл күнді қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі деп атауға болады. Қиын-қыстау заманда баршаның қайғысын да, қуанышын да бөліскен қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс білдіретін күні.

Кездесу қонағы: Ақтөбе облыстық Ассамблея Жастары өкілдігінің мүшесі Хаджиева Милана. 

Милана айтулы күн жөнінде: «Алғыс айту күні осындай керемет күні қойылған. Бұл күні барлығымыз күнде қасымызда жүрген ата-анамызға, достарымызға, туған-туыстарымызға алғыс айтамыз. Адам болып туылып, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымызға,  жанымызға жақын жандарға жылына бір рет болса да рахмет айтуымыз керек» деп ойлаймын.