Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

«Музей түні-2026»

13-05-2026

Толығырақ...

«Ботай – ұлы Дала мәдениеті»

23-02-2026

Толығырақ...

Ұлы жібек жолы бойындағы Отырар: ғылым м…

23-09-2025

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Қазақ даласындағы қыш-құмыра жасау кәсібі»

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі 2025 жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында облыстың аудан орталықтары мен ірі елді мекендерінде «Қазақ даласындағы қыш-құмыра жасау кәсібі» атты жылжымалы көрме мен шеберлік сағатын ұйымдастырды.

Жобаның мақсаты – Ақтөбе өңірінде көне дәуірлерден бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан қыш-құмыра жасау дәстүрін кеңінен таныстыру, көне шеберлер мұрасын дәріптеу және ұмыт бола бастаған кәсіпті қайта жаңғырту болды.

Көрме экспозициясы қола дәуірінен орта ғасырға дейінгі кезеңдерге жататын 20-дан астам қыш құмыра мен археологиялық қазбалар кезінде түсірілген 30-ға жуық фотосуреттерден құралды. Экспонаттар ежелгі тайпалардың тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымынан сыр шертіп, қыш бұйымдарының жасалу технологиясы арқылы өңір тарихының тереңдігін айшықтады.

Іс-шара барысында ҚР Қолөнершілер одағының мүшесі, қыш шебері Орынбасар Төлегенов қыш бұйымдарын жасаудың әдіс-тәсілдерін көрсетіп, қатысушыларға шеберлік сағатын өткізді. Көрермендер ежелгі кәсіптің технологиялық үдерісін көзбен көріп, өз қолдарымен қыш бұйымдарын жасап көруге мүмкіндік алды.

Жылжымалы көрме 15 елді мекенде өткізілді, оған шамамен 2500 адам – мектеп оқушылары, колледж студенттері, қолөнер шеберлері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Жоба өңір халқының тарихи және мәдени мұраға деген қызығушылығын арттырып, жастардың дәстүрлі өнерге құрметін оятуға зор ықпал етті. Сонымен қатар, шеберлік сағаттары арқылы жаңа кәсіп көздерін меңгеру мен шығармашылыққа баулу бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізілді.

Қорытынды
«Қазақ даласындағы қыш-құмыра жасау кәсібі» атты жылжымалы көрме өз мақсатына толық жетті. Көрме барысында келушілер өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасымен танысып, көне дәуір қыш өнерінің ерекшеліктерін терең түсінді. Шеберлік сағат көрменің мазмұнын толықтыра түсіп, қатысушыларға ежелгі қыш жасау технологиясын тәжірибе жүзінде үйренуге мүмкіндік берді.

Шарадан үзінді видеоларды музейдің Instagram парақшасынан көруге болады: